Шерзаттың әкесі: “Хутор” бандасы көршімізді пышақтап, атып, өлтіріп кеткен”

121

Шерзат Полаттың әкесі сотта жауап беруде. Ол, баласының соңғы демі таусылар сәтте айтқан сөздерін баяндады.

“Мен шегінген кезде Шыңғыс пен Азамат Шерзатқа қарай жүгірді. Ол кезде Шерзат “папа, Нұрқанат аға бірдеңе тығып алды” деп айқайлады. Сөйтсем пышақ тығып алыпты. Бір уақытта Шерзат құлады. Сол кезде Нұрқияс мылтықпен ұрған. Ал әйелім баламызды қорғап, ұрғызбай жатты. Өтінемін ұрмаңыздаршы, деп сұрады. Шерзат анасына “бірдеңе тығып алды, ауырып тұр” деп сөйлеп жатты балам. Соған қарамай Нұрқияс арқасынан ұрды”, – дейді Қаржаубай.

Санымен қатар, өзінің не себепті пышақ алып жүргенін түсіндірді.

“Олар сөзді түсінбейді, төбелес тоқтамайды, бәрібір өзінікін жасап кетеді деген ой болды. Бұлар қолдан келсе бірге-бір төбелесіп, әңгімемен шешпейді. Осы кезге дейін жабылып, қанша бала жарақат алды. “Хутордың” балалары қзіміздің көршімізді солай пышақтап, атып, өлтіріп кеткен. Сөйтіп сескеніп, өзімді, баламды, басқа балаларды қорғау мақсатында пышақ алдым”, – дейді Қаржаубай.

Алдыңғы пост
Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді
Келесі пост
Президент Маңғыстау өңіріндегі көлік-логистика инфрақұрылымының даму барысымен танысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu