Оқиға 10 шілде күні таңертең Байзақ ауданындағы орталық ауруханасында орын алған.
Байзақ ауылының 25 жастағы тұрғыны, 27 жастағы фельдшер танысының жұмыс орнына келген. Ол одан дефибриллятордың қалай жұмыс істейтінін көрсетуін сұраған.
Алайда, фельдшер бұл өтінішті орындаудан бас тартқан, соның салдарынан екеуінің арасында жанжал туындап, ауыл тұрғыны медициналық қызметкерге травматикалық қарудан оқ атқан.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр екенін жеткізді.
«Науқастың диагнозы – сол жақ кеуде қуысы, алдыңғы қабырғасының оқ жарақаты, ішкі органдар зақымданбаған. Жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта. Науқас динамикалық палатада бақылауда. Жағдайы нашарлаған жоқ», – деп хабарлады.
Жергілікті полиция департаменті бұл фактіні растады.