«Ең алдымен, өңірге медицина мамандарын тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеу керек. Жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыру маңызды», деді Президент.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың маңыздылығына тоқталған болатын. Яғни, адам денсаулығының басты орында екеніне ерекше назар аударып, нақты тапсырмаларда берген болатын.
«Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасының әлеуметтік мәні зор. Біз ауыл тұрғындарының 100 пайызын сапалы алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз ету туралы айтып отырмыз. Бұл – мемлекет ретінде біздің міндетіміз. Алайда, бұл – атқарылатын барлық жұмыстың ең аз бөлігі.
Сондықтан, жобаның екінші компоненті – ауыр дертке шалдыққандарға және жарақат алғандарға сапалы көмек көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін көпбейінді ауруханалардың құрылысына қатысты мәселе де маңызды», – деді Мемлекет басшысы.
Президент тапсырмасының аясында еліміздегі өңірлер ішінде жүрек трансплантациясы алғаш рет Шымкентте жасалды. Ота 5 сағатқа созылып, сәтті өткен.
Жүрек алмастыру отасын еліміздің бас кардиохирургы Юрий Пя, Ұлттық ғылыми кардиохирургия және Шымкент жүрек орталығы қызметкерлерімен бірлесе жасады.
Ота кезінде кардиохирургтар 61 жастағы азаматқа 46 жастағы азаматтың жүрегін хирургиялық жолмен қондырдып берді. Күрделі ота сәтті өтті.
61 жастағы науқас ұзақ жылдар бойы жүрек жетіспеушілігі диагнозымен есепте тұрған. Ота кезінде кардиохирургтар пациентке 46 жастағы ер адамның жүрегін орнатып берді. Донорлық жүрекке клиникалық өлімнен кейін марқұмның туыстары заңды келісімін берген. Алдағы уақытта жергілікті жағдайда күрделі хирургияны дамыту жоспарланып отыр.
Сәуле Шайсұлтанова, транспланттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры:
“Донорды біз басқа қаладан Қостанай аймағынан донорлық жүректі келді. Осында Шымкенттің тұрғынына жүрек трансплантациясы жасалды. Осы операция басқа аймақтарда жасалған трансплантацияның ең алғашқы трансплантациясы болып саналады”.
Ал, жалпы алғанда бес жылда елімізде елуден астам науқасқа жүрек трансплантациясы жасалады екен. Трансплантация тарихы осыдан 50 жыл бұрын Африка елдерінде басталғанын ескерсек Қазақстан медицинасы соңғы жылда жаңа технологияларды пайдаланып, түрлі ағзаға трансплантация жасауда.