Құмар ойынға бәс тіккен мемлекеттік қызметкерлер жаппай жұмыстан босатылып жатыр

38

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге телекоммуникациялық желілер мен интернетті пайдалана отырып өткізілетін құмар ойындарына және бәс тігуге қатысуға тыйым салынған.

«Талдау нәтижесінде Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы аталған талаптарды жүйелі түрде бұзғаны анықталды. «1XBET» және «OLIMPBET» букмекерлік кеңселерінің ресми мәліметтеріне сәйкес, ол жалпы сомасы 16 миллион теңгеге жуық мөлшерде құмар ойындарына қатысқан. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Алдыңғы пост
Алматыда «Matic Basket» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
Келесі пост
Жұмысынан айырылған 220 мыңнан астам адамға 62,2 млрд теңге төлем төленді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu