Тарихтағы ең үлкен джекпот АҚШ-та 2 млрд долларды құрады

257

Америкалық Powerball лотереясының тарихындағы ең үлкен джекпот АҚШ-та ұтып алынды.

Ұтыс сомасы рекордтық 2 миллиард долларды құрады. Жеңімпаздың кім екені әлі жарияланған жоқ.

Тағы бір адам 2 миллион доллар ұтып алды, ал 21 билет иелеріне бір миллион доллардан ұтыс әкеледі.

Билетті Лос-Анджелес округінен сатып алғаны белгілі. Үш ай ішінде барлығы 40 ұтыс ойыны өткізілді. Қатысушылар лотереяның барлық нөмірлерін болжай алмағандықтан, бас жүлденің сомасы тарихи белгіге жетті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, билет иесі бір миллиард долларға жуық қолма-қол ақша немесе 29 жылдық төлемдегі барлық соманы ала алады.

Ең үлкен джекпот бойынша алдыңғы әлемдік рекорд 2016 жылы тіркелген. Ол кезде 1,5 миллиард доллар үш жеңімпаздың арасында бөлінді.

Алдыңғы пост
Тоқаев Самарқандта өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады
Келесі пост
ШЫМКЕНТ: ДОСТЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu