«Түркістан облысында суармалы су жоқ»: Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды

27

Түркістан облысы Жетісай ауданының шаруалары жаздың басынан бері суармалы су алмағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлады баспасөз қызметі. Бүгінгі таңда, аудан диқандарына 236,1 млн текше метр су берілді.

Шілде айының алғашқы күндерінде «Достық» каналы арқылы Қазақстанға секундына 80 текше метр су келеді деп жоспарланған, алайда нақты алынған су көлемі секундына 50 текше метр. Бұл жағдай Сырдария өзенінің жоғарғы ағысындағы су шаруашылығы жағдайының тұрақсыз болуына байланысты болды.

Қазіргі уақытта ауданда жағдай тұрақты. Бүгінде «Достық» каналы арқылы Жетісай ауданына секундына 32 текше метр су беріліп, егіс алқаптары кезекпен суарылып жатыр.

«Қазсушардың» Түркістан филиалы қарамағындағы «Достық» магистральдық каналы Жетісай ауданындағы 84,3 мың га жерді суармалы сумен қамтамасыз етеді. Бұл ретте су «Қазсушар» РМК-мен тиісті келісімшарт жасасқан шаруа қожалықтарына ғана беріледі.

Вегетациялық кезең басталғалы бері «Қазсушар» РМК филиалдары Қазақстанның оңтүстігіндегі бес облыстың шаруаларына 5,35 млрд текше метрден астам суармалы су берді. Оның ішінде Түркістан облысының шаруа қожалықтарына 1,79 млрд текше метр су берілді.

Сонымен қатар суару кезеңі басталар алдында топырақты егіске дайындау үшін Жетісай ауданында 50 мың гектар жерде сор шаю жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатқа 125,7 млн текше метрден астам су берілді.

Биыл Қазақстанның оңтүстігінде суару кезеңі 20 күнге ерте басталғанын еске сала кетейік. Бұған ауа райы мен жоғары температура себеп болды. Бұл ретте суармалы судың ерте берілгенінің арқасында Түркістан облысының шаруалары сәуір айының ортасында қырыққабаттың алғашқы өнімін, мамырдың соңғы онкүндігінде қауын мен қарбыздың алғашқы өнімін, маусымда баялдының (баклажан) алғашқы өнімін жинады.

Алдыңғы пост
Қазақстанда қайта өңдеу, құрылыс және өндіру көлемі артты
Келесі пост
Шымкентте аптап ыстыққа байланысты жарық өшіріледі 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu