36
Үшінші мегаполисте бірнеше шағын ауданда уақытша электр қуаты өшіріледі. Өйткені, аптап ыстықтың салдарынан тоқ көзін пайдалану әдеттегіден артып отыр. Нақтырақ айтқанда, тұтыну жүктемесі 350 мегаваттан 459-ға артты. Сондықтан, мамандар апаттың алдын алу үшін жылу электр станциясында бір турбогенераторды өшіруге мәжбүр.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша, тозығы жеткен электр желілері 59 пайызды құрайды. Сондықтан, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Ал, егер аптап ыстық басылмаса, электр қуатын әр аудан бойынша уақытша өшіруге тура келеді деді қала әкімінің ресми өкілі Сәрсен Құранбек.