Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстады. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, лауазымды тұлға жүйелі түрде пара алған деген болжам бар.
ҰҚК таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Сот оның бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы санкция берді.
Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр. Ведомство қылмыстық процестік кодекстің талаптарына сай өзге мәліметтерді жария етуге шектеу қойылғанын атап өтті.
Бақ беттерінде тараған ақпараттарға сәйкес, шенеунік жол құрылысын бақылаушы компаниядан 78 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметін 2023 жылдан бері атқарып келген. Бұған дейін ол ұзақ жыл бойы Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болған.