20
2025 жылғы 14 тамыз күні түнгі сағат 03:19-да Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы Тәуке хан даңғылы №3 мекен жайында орналасқан әкімшілік ғимаратта өрт шыққаны жөнінде «112» қызметіне хабарлама келіп түсті.
Тілсіз жау ғимараттың шатырын шарпып, жалпы көлемі 1200 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 04:58-де оқшауланып, 05:27-де толықтай сөндірілді.
Абырой болғанда, оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен 21 техника мен 88 қызметкер, Апаттар медицинасы орталығынан 1 техника және 3 маман, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан 2 техника мен 2 адам жұмылдырылды.