Әл-фараби ауданында 8 көше жарықтандырылды

280

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 390 көшенің қазіргі уақытта 110 көшесі жарықтандырылған. Бекітілген жылдық жоспарға сәйкес, биыл 14 көшені жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Атап айтқанда, Күншығыс шағын ауданындағы ішкі орамдық көшелер, яғни №25, 28 мектеп аумағы,  Әбдіразақов көшесі, Ж.Тыныбаев көшесі, Өзбек көшесі, Қалалық жүйке аурулары орталығы, Бөгет көшесі.

Ал 16 шағын ауданы бойынша №39 мектеп жанындағы ішкі орам көшесі, М.Мәметова көшесі. Сондай-ақ, Сәуле шағын ауданындағы Күмісті, Наурызым, Тұмарлы, Әблязимов көшесі, Мәделі Қожа және Сасбұқаев көшесі.

Айта кетейік, осылардың ішінде биылғы жылдың тамыз айына дейін  8 көшені жарықтандыру жұмыстары толық аяқталды.

Олар:

1.Күншығыс шағын ауданындағы  ішкі орамдық көше (№25, 28 мектеп аумағы)

2. Әбдразақов көшесі.

3.Өзбек көшесі,

4. Бөгет көшесі,

5. М.Мәметова көшесі,

6.Ж.Тыныбаев көшесі,

7.Қалалық жүйке аурулары орталығы,

8.16 шағын ауданындағы ішкі орам көшесі.

Сонымен қатар, Сәуле шағын ауданындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасуда.

Бұдан бөлек, Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы саны 105 ашық спорт алаңшасы бар. Биылғы жылы тағы 2 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланған болатын. Соның бірі Береке шағын ауданындағы 276 орамда ашық спорт алаңшасы бюджет есебінен салынып, тұрғындардың пайдаланыуына тапсырылды. Соңғы үш жыл ішінде аудан аумағында 41 спорт алаңшасы соғылып, халыққа пайдалануға берілді. Қаламыздың жастарын спортқа баулу мақсатында, алдағы уақытта аудан көлемінен осындай ашық спорт алаңдарының санын көбейту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, орталық көшелерінде  қоқыс жәшіктері жаңартылуда. Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданы аумағындағы орталық көшелерге биылғы жылы 200 дана қоқыс жәшігі орнату жоспарланып, қазіргі таңда оның  40  данасы  жаңартылды.  Келесі жылы аудан бойынша 200 қоқыс жәшігін орнату жоспарланған.

Қоқыс жәшіктері қаламыздың көркіне сән беру мақсатында ерекше дизайнды, әрі көлемі үлкен етіп таңдалған.

Жалпы алғанда, Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің  472 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде 2020 жылы 220 көше жарықтандырылса, 2021 жылы жоба аясында 137 көше жарықтандырылып, жарықпен қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 48 %-ға өсті.

Ал 2022 жылы 115 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 48 %-ден 63 %-ға өсті. Сондай-ақ, 2023 жылы 104 көше жарықтандырылады. Қазіргі таңда, 6 айдың қорытындысымен жобалау-сметалық құжаттамалар толық әзірленіп, 49 көшеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Бір айда коронавирус жұқтырғандардың саны 500-ге жуықтаған
Келесі пост
Шымкентте 200-ден астам отбасы тұрғын үй көмегін алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu