Ақмола облысында жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, екі адам көз жұмды

36

Ақмола облысында жеке меншікке тиесілі жеңіл әуе көлігі апатқа ұшырап, қайғылы оқиға салдарынан екі адам, яғни ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі — әуе көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу немесе тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

«UP-LA 229 жеке жеңіл ұшағының апаты фактісі бойынша Астана стансасындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Апат салдарынан екі адам, ұшқыш пен жолаушы қаза тапты», – делінген хабарламада.

Оқиға орнында мамандар жұмыс істеуде. Тергеу нәтижелері кейінірек жарияланатын болады.

Алдыңғы пост
Оқушыларды мектептен мектепке ауыстыру EGov порталы арқылы қолжетімді
Келесі пост
Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu