2 083
Шымкентте Алғыс айту күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына 1 миллион бауырсақ пен 1 миллион құрт үлестірілді.
Ұйымдастырушылар 1 миллион бауырсақтың қамырына – 5 қап ұн кеткенін айтады. Қып-қызыл тоқаштарды пісіруге 80 литр пісте май жұмсалыпты. Ал 1 миллион құртты әзірлеуге қала төңірегіндегі тұрғын алабтардың азаматтары үлес қосқан.
Қазақтың ұлттық тағамдары саябақтар, сауда орталықтары, әуежай маңы мен базарлар және темір жол вокзалдарында жүрген азаматтарға тегін берілді. Ал оларды үлестіруге жастар орталығы мен жоғары оқу орнындарының еріктілері атсалысты. Ерекше шара қалалық әкімдікке қарасты басқармалардың бастамасымен жүзеге асты.