1,3 млн адамды ауыз сумен қамту үшін 2500 шақырым су құбыры салынуда

48

Су ресурстары және ирригация министрлігі 1,3 млн адамды ауыз сумен қамту үшін 2500 шақырым су құбырын салып жатыр.

Еліміздің 9 облысында жалпы саны 30 су құбырын салу және қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Олар: Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстары.

Барлық жоба жүзеге асқанда, шамамен 1,3 миллион адам тұратын 468 елді мекенде ауыз су жағдайы жақсарады.

«Президенттің қазақстандықтарды ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында былтыр топтық су құбырларын салу және қайта жаңарту бойынша 8 жоба аяқталды. Жұмыстар еліміздің алты өңірінде жүргізілді. Олар: Ақмола, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстары. Бұл 208 мың адам тұратын 49 елді мекеннің сумен қамтылу жағдайын жақсартты», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Алдыңғы пост
Қаржы пирамидаларына тоқтам болмай отыр: Салымшылардың саны артуда
Келесі пост
Су қоймада адасқан балықшылар табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu