Шымкентте желатин өндірісі дамиды

128

Шымкентте алдағы уақытта желатин өндірісі қалыптасатын болды. Жалпы Қазақстанда тамақ, косметикалық және фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындары өз өнімдерін өндіру үшін желатинді тек шетелден алдыртады. Сондықтан желатин еліміздің нарығында сұранысқа ие шикізаттың бірі.

Мемлекет басшысының «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында қаладағы «Бозарық» индустриялық аймағында желатин өндіретін зауыттың іргесі қаланады. Қытай инвесторларымен бірлесе қолға алынған жоба құны 4, 5 миллиард теңгені құрайды. Зауыт іске қосылса 120 адам жұмыспен қамтылып, тәулігіне 20 тонна желатин өндірілмек.

Зауыт құрылысын 2024 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Айта кетейік, «Бозарық» индустриалдық аймағында 3-5 гектарды жерді алып жатқан жобаның жүзеге асырылуы мақсатында мұнда барлық қажетті инфрақұрылым қамтылған.

Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес. халықты жұмыспен қамтуды арттыра отырып, шағын бизнесті дамыту, сол арқылы экономика салаларын әртараптандырудың орта бизнес-драйверін қалыптастыру мүмкіндігіне ие боламыз.

Бүгінде қалада өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда 800-ден астам кәсіпорын белсенді жұмыс істейді. Оның ішінде 700-ге жуығы өңдеу өнеркәсібіне жатады. Бұл салада 32 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылғы қаңтар айында 70,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға артты. Бұл көрсеткіште Шымкент қаласы республикада 7 орынды иеленеді.   

Өңдеу өнеркәсібінде 57,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 8,9%-ға өскен. Бұл бағытта мегаполис елімізде  8 орында тұр. 225 гектарды алып жатқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы қалада тоқыма өнеркәсібін дамыту, отандық мақтаны тұтыну үлесін  арттыру мақсатында құрылған. Бүгінгі таңда аймақта 35 жоба іске асырылып, 2 жарым мыңнан астам тұрғын жұмыс істеуде. Аймақта өндірілетін өнімнің жартысына жуығы шетелдерге экспортталады.   

Ал, соңғы бес жылда қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд. теңгеден 937 млрд. теңгеге жетті. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 58  мыңнан 110 мыңға дейін өсті. Сонымен қатар осы уақыт аралығында қалаға 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 млрд. теңгеден 613 млрд.теңгеге жетті.

Биыл мегаполистің макроэкономикалық көрсеткіштерінде де оң динамика бар. Жыл басынан бері инвестиция көлемі  22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артып отыр.

Алдыңғы пост
Шымкентте шағын несие алған кәсіпкер жұп өнер мектебін ашты
Келесі пост
«Ташкент – Алматы» магистралының құрылысы 65%-ға дайын болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu