10 жылдан астам пайдаланылған көліктерге салынатын салық 30 пайызға төмендетіледі

87

Мәжіліс депутаттары Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат Мемлекет басшысының Жарлығы мен Жолдауын және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатымен әзірленген.

«Жоба аясында салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді, салықтық жеңілдіктер санын қысқарту, мониторингілеу және талдау бойынша жүйелі шаралар көзделген. Банк секторы (25%), ойын бизнесі (25%), әлеуметтік сала (10%) және ауыл шаруашылығы (3%) үшін корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі сараланады. Базалық мөлшерлеме 20 пайыз деңгейінде қалады. Ғимараттарды, құрылыстарды, машиналарды, жабдықтарды, бағдарламалық қамтылымды сатып алу немесе салу кезінде инвестициялық салықтық преференциялар қарастырылады. Жеке тұлғаларға салық салу бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату ұсынылады. Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жалақыдан базалық салық шегерімін белгілеу көзделеді. 10 жылдан астам пайдаланылған автомобильдер үшін салық сомасы 30 пайызға, 20 жылдан астам пайдаланылғандарға 50 пайызға төмендетіледі. Ал «Сән-салтанат» заттарына (қымбат мүлік, автомобильдер, алкоголь және темекі өнімдері, теңіз кемелері, ұшу аппараттары) жоғары салық салу ұсынылады»,- делінген хабарламада.

Алдыңғы пост
Ұшақ бортында дәрет сындырған азамат ұсталды
Келесі пост
Мотоцикл жүргізушісі үш жол жұмысшыларын қағып кетті: Екеуі қаза тапты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu