155 мыңға жуық шымкенттік бала лагерьде демалады

Теги: , ,
286

Жазғы демалыс айларында 155 мыңға жуық шымкенттік оқушы лагерьде демалады. Оның 16 мыңнан астамы қала сыртындағы демалыс орындарына, қалғаны мектеп жанындағы лагерьлерге барады деп жоспарланып отыр.

2023 жылдың жаз айларында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аз қамтылған отбасының балаларына қала сыртындағы жазғы сайықтыру лагерлеріне тегін жолдама беріледі. Қазіргі таңда мектептерде ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Биыл Шымкентте 154 270 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары жоспарланған. Бұл қаладағы мектеп оқушыларының 64,8 пайызын қамтиды. Оның ішінде 16 715 –і қала сыртындағы, 137 555-і мектеп жанындағы лагерьлерде демалатын болады» деп атап өтті әкімдіктегілер.

Балаларды сауықтыру, жетілдіру, дамыту және бос уақытын тиімді өткізу мақсатында қала сыртындағы лагерьлерде демалдыру үшін қала бюджетінен 308,5 млн теңге қаралған. Оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына басымдық берілген.

Аталған қаржыға жалпы орта мектепте оқитын аз қамтылған отбасыдан шыққан 7 241 бала (85%), балалар үйінің 121 тәрбиеленушісі (100%) және ерекше білім беру қажеттілігі бар 1 553 бала (56%) қала сыртындағы лагерьлерде демалатын болады.

Еске салсақ, жалпы еліміз бойынша балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 94 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеген болатын.

Министрдің айтуынша, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, мүмкіндігі шектеулі балалар, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын балалар мен оқу үздіктері демала алады.

Бұдан өзге «Қазақстан халқына» қоры Оқу-ағарту министрлігінің ұсынысын қолдап, еліміздің үздік сауықтыру орталықтарына ауылдық жерлерден 20 мың дарынды, талантты, оқуда үздік атанған балаларды жіберуді жоспарлап отыр.

Елімізде балалардың қала маңындағы лагерьлерде демалуынан өзге, басқа да форматтардағы демалыстар ұйымдастырылады.Мәселен, жаз айларында 1,5 миллионға жуық бала қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелерге қатысады. 188 мыңнан астам бала киелі жерлерге саяхаттап барады. 25 мың бала спорттық-жаттығу жиындарынан өтеді, ал тағы 211 мың бала тіл курстарымен қамтылады.

Алдыңғы пост
Жоғары сынып оқушысынан таяқ жеген 7 оқитын бала ауруханада көз жұмды
Келесі пост
Шымкент халқының 80% – дан астамы ММС жүйесінде тіркелген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu