16 мемлекеттік қызметкер құмар ойынға бәс тіккені үшін жазаланды

19

Орал қаласының прокуратурасы әкімдік, полиция және салық саласының қызметкерлерінің букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға бәс тіккенін анықтады.

Тексеру нәтижесінде, 24 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың 16-сы жұмыстан шығарылды.

Букмекерлік компанияның мәліметі бойынша, жұмыстан шығарылған әкімдік қызметкерлерінің бірі 2021 жылдан 2025 жылға дейін 34 миллион теңгеден астам қаражатты өз есепшотына аударған. Оның ішінде 1,7 миллион теңгеден астамын мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салатын заң күшіне енгеннен кейін салған.

Еске салайық, былтыр Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің, соның ішінде онлайн түрде де, құмар ойындар мен бәстерге қатысуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу деп танылған болатын.

Алдыңғы пост
Елімізде туристерге толық жағдай жасалмаған: Туризм және спорт министрі курортты өңірлерді аралап жүр
Келесі пост
«Күміс жас» жобасы аясында 12,4 мың адам жұмысқа орналастырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu