Алматыда ер адам дүкеннен бір құты сыра алып, ақшасын төлегісі келмеген. Сатушымен оның екі баласы, күдіктіге дүкеннен кетуді талап еткен. Алайда, ер азамат, басынан сөз асырғысы келмеді ме, ақшасын қимады ма, жанжал шығарып, достарын көмекке шақырған. Оқиға орнына келгендер, Шерзат пен оның ағасын және әкесін соққыға жыққан. Оқиға орнында әкесіне араша болған 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды.
“15-20-дан кем емес адам келді. Олардың арасында үш-төрт қыз болды. Барлығы жас, бірақ өздерін аңдар сияқты ұстады. Тіпті мылтықтары мен пышақтары болған”, – дейді көз жұмған жігіттің тағы бір туысы Күләш Римова.
Марқұмның туыстары, күдіктілер жазасын алсын деп отыр.
Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын, желіде бір топ адамдардың төбелесі тараған болатын.