202
Қызылордада 20-дан астам жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Білім ұясында оқушының бірі бұрыш спрейін шашып, 20-дан астам оқушы зардап шекті. Оларға медициналық көмек қажет болды.
«Қызылорда қаласындағы орта мектепте бұрыш спрейін қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-делінген полиция хабарламасында.
Естеріңізде болса, осыдан бірер апта бұрын Солтүстік Қазақстан облысында екі мұғалім мектеп ғимаратының фойесіне бұрыш спрейін шашқан болатын. Салдарынан, Талшық ауданындағы мектеп оқушылары есінен танып қалған. Бұрыш спрейін шашқан мұғалімдер ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.