226
Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев апелляцияға өтініш берді.
«Жетісу облыстық сотына Марат күштібаевтың апелляциялық шағымы түсті», – деп растады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Естеріңізде болса, өз кабинетінде 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген болатын. Ол осы әрекеті үшін 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 11 жыл мерзімге түрмеге тоғытылған болатын.
Сондай-ақ, Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы, оның бірінші орынбасары, департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, тергеу бойынша орынбасары өз қызметтерінен босатылған болатын.