Шымкентте садақа жәшігінен ақша ұрлаған ер адам оңбай ұсталып қалды

Теги: , ,
501

Шымкентте садақа жәшігінен ақша ұрлаған ер адам ұсталды. Оны ұрлық үстінде куәгерлер байқап, дереу полицияға хабарлаған. 

Шақырту орнына дереу жедел-тергеу тобының қызметкерлері барған. Белгілі болғандай, ер адам қаладағы ірі сауда нүктелерінің бірінде орналасқан қайырымдылық жәшігінен 20 мың теңгеге жуық ақша ұрлағаны анықталды.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Күдікті бұған дейін есірткі қылмысы үшін сотты болған адам екен. Қазіргі таңда жұмыссыз.

«Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Ұрланған қаражат қайырымдылық қорының иесіне қайтарылды. Жақын арада жинақталған іс-құжаттар айыптау актісімен бірге сотқа жіберіледі», – деді Қаратау аудандық ПБ-ның анықтаушысы Дастан Ахмет.

Алдыңғы пост
Шымкентте қолжетімді бағада мектеп жәрмеңкесі өтеді
Келесі пост
Оқушылар мен ата-аналар мұғалімнің ұзату тойында ешкім күтпеген тосын сый жасады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu