216
Құдықтың құбырына құлаған 29 жастағы қыз шығарып алынды
Бүгін сағат 09:18-де 1994 ж.т. азаматшаның Түркістан облысы Майтөбе ауылының маңындағы ашық алаңда орналасқан дренаждық құдыққа құлағаны туралы хабар келіп түсті.
Сағат 12-06-да жергілікті тұрғын құдыққа түсіріліп, 12-14-те қызды құдықтан ес-түссіз күйде шығарып алды.
Құтқару жұмыстарына ТЖД, жедел жәрдемнің, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылды деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.