40
Ақтөбе қаласы ТЖБ кезекшісіне полиция қызметкерлерінен Астана ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінің бесінші қабатының ашық терезесінде жылап жатқан бала байқалғаны туралы хабарлама түсті.
Құтқарушылардың күшімен пәтердің есігі ашылып, оның ішінде 3 жасар бала мен 1960 жылы туылған мүгедек ер адам табылды.
Белгілі болғандай, жоғарыда аталған адамдар бақылауында қалған баланың әпкесі есікті сыртынан жауып, шығып кеткен екен. Бала оянып, қорқып, терезені ашып, көмекке шақыра бастаған. Абайсызда қайғылы оқиға орын алуы мүмкін еді.