Алматы облысының ТЖД-не Еңбекшіқазақ ауданының Куш ауылының маңында 2021 жылы туған қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Мәліметке сәйкес, бүлдіршін түскі уақытта қараусыз қалып, үйден шығып кеткен.
Тез арада, іздеу тобы құрылып, еріктілер жұмылдырылғанымен әзірге нәтижесіз. Қазіргі таңда, 300 ден астам адам, 80-ге жуық техника, тепловизоры бар 4 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ “Қазавиақұтқару”тікұшағы іздестіру үстінде.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, РЖҚЖ құтқарушылары 30 метр қашықтықта орналасқан су айдынына сүңіп іздестіруде, сондай-ақ тартылған күштер мен құралдармен оқиға орнында және су айдынының жағалау сызығы бойынша кинологиялық есептоптарды пайдалана отырып, жер үсті іздестірулері жүргізілуде. Барлық мүмкін жерлер тексерілуде.
Үздіксіз байланысты қамтамасыз ету үшін іздеу жұмыстары орнында ТЖД командалық-штабтық машинасы орналастырылып жұмыс істеуде. Іздеу жұмыстары жалғасуда.