3 жастағы жасөспірімді терезеден лақтырып жіберген адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

266

Шымкентте, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жиенін терезеден лақтырып жіберген азаматқа қатысты сот ісі қаралды.

Сот сараптамаларына сәйкес, күдікті психикалық дертке шалдыққан. Сондықтан, ол мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді. Яғни, ер азаматтың, ақыл-есі кем күйінде қылмыс жасағаны белгілі болды.

“Судьяның қорытындылары куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, бірнеше сот сараптамаларының қорытындысымен расталады. Прокурор Мырзахановты ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген іс-әрекетті ақыл-есі кем күйде жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатуды және оған мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шараларды тағайындауды және іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Жәбірленушілер мен қорғаушы тарап прокурордың ұстанымымен келісті”, – деді Шымкент қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев.

Судьяның айтуынша, сотталушыға шизофрения диагнозы қойылған. Ол ұзақ уақыт бойы есепте тұрады. Бұл жерде адамның өз-өзін ұстай алмауы, яғни психикалық ауру екендігі де маңызды рөл атқарады. Баланың жылауы қылмыс жасауына түрткі болған.

Айта кетейік, ҚР заңнамасына сәйкес, бізде тек есі дұрыс адамдар ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал, психикалық ауытқуы бар адамдар жауапкершіліктен босатылады. Десе де, олар, әркез бақылауда болатын психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі.

Алдыңғы пост
Нәрестесін аштан өлтірген әйел сотты болды
Келесі пост
Килиан Мбаппе әлемдегі ең жылдым желаяқ Уссейнмен жарыспақ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu