4,2 мыңға жуық қазақстандық жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттар алды

25

Ағымдағы жылдың басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 4 207 грант, оның ішінде ауыл тұрғындарына 2 665 грант берілді. 2025 жылы барлығы 9 080 грант беру жоспарлануда.

Мемлекеттік гранттарды алуға өтінімдер 2025 жылдың 21 мамыры мен 3 маусымы аралығында қабылданды. Бүгінгі таңда үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссиялар өз жұмысын аяқтап, барлық қаражат грант алушылардың шотына аударылды.

Өтініш берушілерден барлығы 11,5 мыңнан астам өтініш, оның ішінде көпбалалы отбасылардан – 7 450, мүгедектерден – 1 856, мүмкіндігі шектеулі баланы күтушілерден – 1 334, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан – 289 өтініш қаралды. Сондай-ақ асыраушысынан айырылған 384 адам, қоныс аударған 93, қандастардан 73 өтініш түскен.

Өтініштердің ең көп саны Түркістан (2 065 адам), Қызылорда (1 296 адам), Жамбыл (1 133 адам) облыстары мен Шымкент қаласынан (934 адам), ең аз көрсеткіш Ұлытау облысы (78 адам) мен Қостанай облысынан (202 адам) түскен.

Алдыңғы пост
Адам саудасына қатысы бар қылмыстық топтардың қызметін тоқтатты
Келесі пост
Елімізде оқу жылы 2 қыркүйекте басталады 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu