Тәттіқұмар екі жігіт гипермаркеттен 50 мың теңгенің Kinder Joy тәттілерін ұрлап кеткен

Теги: ,
249

Астанада тәттіқұмар екі жас жігіт гипермаркетте ұрлық жасады. Полицияға сауда орнының өкілі хабарласып, бейтаныс адамдар сауда сөрелерінен Kinder Joy  тәттілерін ұрлап әкеткені туралы арызданған.

Ұрлық сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда олардың бірі жан-жағына қарап,  ешкім бақыламай тұрған сәтті пайдаланып, серіктесінің сөмкесіне тосынсыйлары бар шоколадтарды салып жатқаны көрінеді. Екі жігіт 50 мың теңгеден астам сомаға бірнеше ондаған шоколад жұмыртқаларын иемденген. Олар оңай олжаны сатып жіберген.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті ретінде 22 және 23 жастағы екі жігітті анықтады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкентте лак-бояу өнімдері сақталған қойма өртеніп кетті
Келесі пост
Шымкенттегі кортеж. 17 жүргізуші жауапқа тартылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu