5 мыңнан астам алаяқтық хабарламар бұғатталды

65

Алматы облысы прокуратурасымен интернет-алаяқтықтарға қарсы іс-қимыл бойынша ірі онлайн-платформалар (Krisha.kz, Kolesa.kz, OLX.kz) өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында үздіксіз ақпарат алмасу ұйымдастырылды деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

Бірлескен жұмыс нәтижесінде алаяқтық әрекеттер белгілері бар 5 мыңнан астам аккаунт анықталып, бұғатталды. Тағы 7 мың аккаунт тексеру аясында тұр.

Бұл аккаунттардың басым бөлігі Алматы қаласы мен облысында пәтерлерді тәуліктік жалға беру, жылжымайтын мүлікті сату, автокөліктерді әдейі төмен бағамен сату және шетелден автокөлік бөлшектерін жеткізу тақырыптарымен байланысты.

Алаяқтар, әдетте, өздеріне тиесілі емес объектілердің жалған фотосуреттерін пайдаланып «бронь» үшін алдын ала төлем талап еткен.

Прокуратура мен маркетплейстердің бірлескен жұмысы цифрлық ортадағы қылмыстарға қарсы мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді алгоритмін қалыптастыруға ықпал етті.

Облыс прокуратурасы телекоммуникациялық және қаржылық ұйымдарды қоса алғанда, цифрлық экожүйенің басқа да қатысушыларымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Азаматтарды онлайн-сатып алулар кезінде сақ болуға және цифрлық платформалардағы хабарландырулардың шынайылығын міндетті түрде тексеруге шақырамыз.

Алдыңғы пост
«Алтайдан Оралға дейін» велошеруі басталды
Келесі пост
Президент мемлекеттік наградалар тапсырды  

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu