290
Ыстықкөлдің оңтүстігі мен солтүстігі толассыз жауған жауыннан зардап шекті. Селдің салдарынан төтенше жағдай жариялауға тура келген.
ТЖМ мәліметінше жүздеген тұрғындардың аулаларын су басқан. Оқиға орнына 80-нен астам ТЖМ құтқарушылары, үш мотопомпалар, үш экскаватор, төрт тиегіш және бір бульдозер жіберіліп жұмыс жүргізілуде.
Ыстықкөл облысында селдердің салдарын жоюға барлығы 300-ден астам адам жұмылдырылды.
Осыдан бір апта бұрын сел ағындары 17 үйді басып, бір көпірді шайып кеткенін хабарлаған болатын.