Масленица мерекесінде дәстүрлі қуыршақты өртеу рәсімі өтті

44

Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Бозарық шағын ауданында славян этносының дәстүрлі көктем мерекесі – Масленица мерекесі аталып өтті. Масленица мерекесі қала тұрғындары мен қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырып, 2 000-2 500 адамды жинады.

Масленица – ежелгі орыс халқының дәстүрі мен салт-дәстүріне негізделген, қысты шығарып салу және көктемді қарсы алу мейрамы болып табылады. Бұл мейрамның тарихы көп ғасырларға созылып, оның түп-тамыры көне славян дәстүрлеріне барып тіреледі. Бүгінгі таңда Масленица достық пен бірлікті нығайтуға, халықтар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті арттыруға бағытталған мәдени шараға айналды.

Мерекелік іс-шара барысында түрлі ұлттық тағамдар мен қолөнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытып, ұлттық тағамдардың дәмін татты. Мерекеде ересектер мен балаларға арналған түрлі сайыстар мен ойындар өткізілді. Сондай-ақ, жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар мерекеге қатысушыларды әсем әндері мен билерімен қуантты.

Мерекелік қуыршақты өртеу рәсімі өтті. Бұл рәсім символикалық түрде қыстың кетіп, көктемнің келгенін білдіреді. Қуыршақтың өртенуі – табиғаттың жаңаруы мен жаңа кезеңнің басталуын білдіретін әдет-ғұрып.

Қоғамдық келісім баспасөз қызметі.

Алдыңғы пост
АҚШ пен Украина арасындағы келіссөз сәтсіз аяқталды
Келесі пост
Хабарсыз кеткен ер адам табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu