Ақмола облысында бұрынғы есепші аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін сотталды

28

Жарқайын ауданы прокуратурасымен «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ның қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген тексеру барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықталды деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

«2025 жылғы 13 маусымда Жарқайың аудандық сотының үкімімен кәсіпорнының бұрынғы есепшісі аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлағаны үшін орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 6 жыл бас бостандығынан айрылып, 7 жыл мерзімге мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сот тергеуі кезінде сотталушы өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ұзақ уақыт бойы мекеменің ақшалай қаражатын жүйелі түрде жымқырғаны белгілі болды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 30 млн теңгеден асты. Сот мекеменің азаматтық талабын да қарап, келтірілген шығынды толық өтеу жөнінде шешім шығарды»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Жарқайың аудандық прокуратурасы мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып, жасалған қылмыстар үшін жаза сөзсіз болуын қамтамасыз етуде.

Алдыңғы пост
«Өскемен әуежайы» АҚ-ның бұрынғы басшылығы аса ірі көлемде қаржы жымқыру ісі бойынша тергеуге алынды
Келесі пост
Елімізде қызылша, көкжөтелмен ауыру көрсеткіштері төмендеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu