240
Қайғылы оқиға, Хромтау ауданында орын алған. Аяқ астынан өртке оранған көліктің ішінде жасөспірім болған.
«27 тамызда Дөң ауылында «Ваз» автокөлігі өздігінен өртеніп кеткен. Автокөліктің салонында 10 жасар қыз бала болған, ол қайтыс болды», – деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Жантүршігерлік жағдай, аулада орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Сол мезетте, баланың ата-анасы үйде болған.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. Ал, мәйіт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.