33
Ақтөбеде әскери оқу-жаттығу барысында курсант ажал құшты. Қайғылы оқиға 15 шілде күні орын алған. Қазіргі таңда, марқұмның қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери институттың мәліметінше, курсант парашютпен секіру кезінде апатқа ұшыраған. Алдын ала мәліметке сәйкес, парашют толық ашылмай, жас сарбаз ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.
Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Құзырлы органдар оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.
Қаза болған курсанттың аты-жөні мен өзге мәліметтер ресми түрде жарияланған жоқ.