Шымкентте «Дәмдәсtour» фестивалі екі күнге жалғасады

164

Шымкент әрдайым дәмді тағамы және қонақжайлылығымен ерекше. Қазір әл-Фараби алаңында Наурыз мерекесі аясында бармағынан бал тамған аспаздар сынға түсіп жатыр.  Бұл сайыс Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының ұйымдастыруымен  “ДәмДәсTour” фестивалі аясында өтіп жатыр.

Фествальді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов ашып, қала тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады.

  ДәмДәсTour” фестивалінің Наурыз мерекесінде ұйымдастырылуының өз мән-мағынасы бар.  Бұл  береке мен бірліктің, татулықтың, молшылық пен кеңдіктің үлгісі болатынына сенімдіміз, – деді Қуаныш Жұмабекұлы.

Мұнда қаламыздың танымал 50-ге жуық тамақтану орындары — мейрамхана, кофейня, самсаханалар, фаст-фуд, балмұздақ, шайханалар қатысып, өздерінің авторлық мәзірлерін ұсынуда. Жәрмеңкенің басты мақсаты – Шымкент қаласын еліміздің гастрономиялық орталығы ретінде имиджін қалыптастыру.

— ” ДәмДәсTour II” фестивалін – үшінші мегаполистің жыл сайынғы ДӘМДІ мерекесіне айналдыру ойымызда бар. Бұл қаламыздың туризмін дамытуға оң септігін тигізеді және бұл қала кәсіпкерлерін қолдау,    дейді “Visit Shymkent”туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Омаров.

Айта кетейік, іс-шара екі күн өтеді. Екі күн бойы «Наурызкөже«,«Кәуап»,«Палау»  және «Самса» номинациялары бойынша 50-ге жуық тамақтану орындары арасынан үздіктердің ішінен нағыз үздіктер анықталатын болады. Жеңімпаздар арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ, келген қонақтарға  қаламызда дәстүрге айналған «Шымкент шәйі» таратылады. Жәрмеңке аясында концерттік бағдарламалар, ойын-сауық және түрлі конкурстар ойнатылып, жеңімпаздарға сертификаттар ұсынылады.

Алдыңғы пост
Шымкентте әлемдік стандарттарға сай салынған жаңа ипподром ашылды
Келесі пост
Samsung, Hyundai, Lotte, Posco, KNOC: Шымкент пен Кореяны не байланыстырады?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu