Ақтөбеде оқушы қаза тапты: Күдіктілер ұстаздардың ұлы болып шықты

162

Төбелестен қаза болған Нұржан Сыдықтың апасының айтуынша, қазаға күдіктілердің арасында бесеуі мұғалімнің баласы.

“Бір ата-ана баласын ертіп, кешірім сұрап келді. Ол “мен де ұрдым” деп кешірім сұрады. Кінәлі тек 2 бала емес. Жоғары сыныпта оқитын 5-6 бала ұрған. Ішінде бесеуі мұғалімнің баласы. Нағашы ағасы аудандық полиция бөлімінде істейтін бала бостандықта жүр. Қасында болған балалардың бәрі соның ұрғанын айтып отыр”, – деді марқұмның апасы.

Осы оқиғадан соң, Ақтөбе облысының білім басқармасы жұмыс тобын құрған.

“Олар Қопа ауылына барып қайтты. Облыстағы мектептерде буллинг пен агрессияға қарсы жұмыс күшейтіледі”,-деді білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Қопа ауылдық мектебі директоры өз еркімен жұмыстан шықты. 18 оқушыдан жауап алынып, 2 адам күдікті ретінде қамауға алынды.

Естеріңізде болса, 2 қыркүйек күні оқушылар арасында төбелес орын алып, 9 сынып оқитын жасөспірім көз жұмғанын айтқан болатынбыз.

Алдыңғы пост
Шымкент: Мемлекетке 194 млн теңге залал келтірген аппарат басшысы сотталды
Келесі пост
Еліміздің азаматтары кейбір оқулықтарды талқылап, мазмұнын өзгертуге қатыса алады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu