Ақтөбеде вейптердің ірі партиясын заңсыз тасымалдау әрекеті тоқтатылды

33

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті мен Шекара қызметі бірлесіп, вейптер мен темекі өнімдерін заңсыз тасымалдауға тосқауыл қойды.

«Жайсан-автомобиль» шекаралық өткізу пунктінде Ресей Федерациясынан келе жатқан екі жүк көлігі тоқтатылып, тексеріс барысында тыйым салынған өнімдердің ірі партиясы анықталды:

🔹 13 000 дана электрондық тұтыну жүйесі (вейп);

🔹 2 000 дана вейпке арналған сұйықтық;

🔹 14 000 дана шылымсыз темекі өнімі.

Жалпы құны 26 миллион теңге болатын заңсыз өнім тасымалданған көлік құралдары тәркіленді.

Аталған дерек бойынша екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот үкімімен әрқайсысы 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Айта кету керек, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қаржы мониторингі агенттігі заңсыз тауар айналымына қарсы жұмыстарды жалғастыруда және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі шаралар қабылдауда.

Алдыңғы пост
Елорда да үш қабатты ғимарат өртке оранды
Келесі пост
Шымкентте жедел желіге отбасылық жанжалға байланысты 6 айда 4 мыңға жуық қоңырау түскен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu