Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеу қорытындысы жыл соңына дейін жарияланады

132

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың мәліметіне сәйкес, Ақтау маңындағы әуе апатына қатысты тергеу 2025 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады.

«Бұл – Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарына сәйкес белгіленген бір жылдық мерзім. 2025 жылдың ақпанында жарияланған алдын ала есепте ұшақтың сыртқы физикалық әсерге ұшырауы мүмкін екені айтылған еді»,-деді Талғат Ластаев.

Естеріңізге сала кетейік, Баку қаласы­нан Грозный қаласына бет ал­ған әзербайжандық «Az Airlines» әуе компания­сының Embraer 190 жолаушылар ұшағы әуежайға жетпей құлап, өртке оран­ған болатын. Ұшақ бортында 67 адам болған. 29 жолаушы аман қалып, 38-і қаза тапты. Қаза болғандардың алтауы – Қазақстан азаматы.

Ал бұған дейін, ұшақты шығарған ел ретінде Бразилия апаттың барлық жай-жапсарын толық анықтауды қолға алған болатын. Сондай-ақ, ұшқыштардың дауыс таспалары мен ұшақтың жағдайы туралы барлық деректер «қысқа уақыт ішінде» сарапталатынын жеткізген болатын.

Алдыңғы пост
Балаларға тегін ота жасалады ма? 
Келесі пост
Дәрігерлер 4 айлық сәбиге бірегей ота жасап бүйрегін сақтап қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu