Аббас Аракчидің айтуы бойынша Израиль кері жауап қайтаратын болса, келесі шабуыл бұдан да күшті болмақ.
Иран, шабуылға гипердыбыстық зымырандарды қолданған. Әуе қаруларының 80% нысанаға дөп тиіп, Израильдің Неватии базасын және 20 ұшағын жойған.
Шабуыл барысында 180 ге жуық зымыран жіберілген. Десе де, оның басым бөлігі атып түсірілген.
Әзірге, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Иран алғаш рет тікелей 2024 жылы сәуір айында өзінің территориясынан Израильге шабуыл жасалған. Сол кезеңде Израильге 300-ден астам дрон мен зымыран жіберген болатыр. Олардың 99%-ы қағып түсірілген. Сәуірдегі шабуылға «Хезболла» қозғалысы да қатысты, ол Голан таулы аймақтарына соққы жасаған.
Айта кетейік, бұған дейін The New York Times Иран жақын арада Израильге шабуыл жасауды жоспарлап отырғаны туралы жазған еді.