30
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың айтуынша, аталған жеңілдікті алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу керек.
«Жеңіл көліктер үшін бір жылдық абонемент 1 айлық есептік көрсеткішті (1 АЕК – 3932 теңге) құрайды, ал автобустар мен жүк көліктерге айлық және жылдық абонемент жүккөтерімділігіне байланысты болады», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
2025 жылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде ұзындығы 4100 шақырымды құрайтын 21 ақылы жол учаскесі бар.