Абай облысында 1,4 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді

49

Аягөз ауданының прокуратурасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактісін анықтады деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

«2025 жылдың 30 мамырында аудандық ТКШ бөлімі «МИТ Теплосервис» ЖШС-мен «Орталық» қазандығына күрделі жөндеу жүргізу бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға шарт жасасқан. Мемлекеттік сатып алу төтенше жағдайлардың салдарын алдын алу сылтауымен бір көзден алу тәсілімен жүргізілген. Алайда, 2025 жылы аудан аумағында төтенше жағдай жарияланбаған. Демек, мұндай тәсілді қолдануға заңды негіз болмаған. Сонымен қатар, 2023 жылдың 10 қарашасында аталған бөлім жаңа қазандық орнатуға 110 млн теңге сомасына, үш жылдық кепілдік мерзімімен ұқсас шарт жасасқаны анықталды»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша заңсыз жасалған шарттың күші жойылды, ал ТКШ бөлімінің басшысы ӘҚБтК-нің 207-бабы (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Алдыңғы пост
Шымкентте «Аяла Голд» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
Келесі пост
Қазақстан мен Тәжікстан энергетика саласындағы әріптестікті кеңейтуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu