22
Курчатов қаласының прокуратурасы коммуналдық кәсіпорынның 44 кәсіпкерге 92,9 млн теңге берешек болғанын анықтады. Мәселен, «Курчатов водоканал» МКК 2024 жылы су тазартуға арналған реагенттерді жеткізген кәсіпкерге 1,7 млн теңге төлемеген деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.
Прокуратураның қадағалау актісі нәтижесінде 8 кәсіпкерге 43 млн теңге берешек толық өтелді. Қалған сома қаржы тапшылығына байланысты кезең-кезеңімен қайтарылады.
Мәселе прокуратура бақылауында. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.