167
Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, «Ш» есімді азамат адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында ұсталды деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.
Нақтырақ айтар болсақ, «Ш» есімді азамат соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп келген. Сондай-ақ, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды.
Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жария етілмейді.