Адам саудасына қатысы бар қылмыстық топтардың қызметін тоқтатты

27

Астана қаласы және Солтүстік Қазақстан облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері мен прокуратура органдарының бірлескен жедел іс-шараларының нәтижесінде ел аумағында адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысы бар екі қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды деп хабарлады ІІМ.

«Қылмыскерлер интернет-ресурстарды жүйелі түрде пайдалана отырып, жыныстық қанауға қатысты заңсыз қызмет түрлерін жарнамалап, жүргізіп отырған. Олардың әрекеті ұйымдасқан сипатқа ие болып, миллиардтаған пайда табуға әкелген. Алдын ала деректер бойынша қылмыстық топтың күнделікті табысы 1,5 млн теңгеге дейін жеткен, ал 2024 жылдың басынан бері қаржы айналымы 1,7 млрд теңгеден асады. Бұл — қылмыстық желінің ауқымын және ұйымдасқан деңгейін көрсетеді. Жүргізілген тінту барысында ақша, банк карталары, автокөліктер, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық ақпарат тасымалдағыштар тәркіленді. Негізгі фигуранттар мен олардың сыбайластарына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің адам саудасы мен ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Алдыңғы пост
ІІМ хабарлайды: банк картасын үшінші тұлғаларға бергені үшін жауапкершілік енгізілді
Келесі пост
4,2 мыңға жуық қазақстандық жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттар алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu