68
Жағаұстатарлық жағдай, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орын алған. Нақтырақ айтар болсақ, Шелек ауылында қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылған.
Бұл ақпаратты, Алматы облыстық полиция департаменті растады. Сондай-ақ, оқиғаға қатысты, қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
«Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен сәбидің анасы ұсталды. Қазір күдікті әйел ауруханаға жатқызылған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізілуде»,- делінген полиция хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы қоқыс контейнерінен, сәбидің денесі табылған болатын.