Air Astana мен “Қазақтелеком” қызметкерлері жауапқа тартылды

658

Цифрлық даму министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және “Мемлекеттік техникалық қызмет” АҚ-мен бірлесіп инфрақұрылымында жаңа ымыраға келу фактілері анықталмаған ұялы байланыс операторларының ақпараттық қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізді. Нәтижесінде, олар, қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуі үшін кінәлі деп танылған.

“Министрлік “Қазақтелеком” АҚ, “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ, “Эйр Астана” АҚ-ға қатысты ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Нәтижесінде 2 заңды тұлға (“Қазақтелеком” АҚ, “ЭйрАстана” АҚ) Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 641-бабының 1-бөлігінің 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтарды жою үшін бір жыл мерзімге нұсқама берілді. “БЖЗҚ” АҚ бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ”, – делінген хабарламада.

Алдыңғы пост
Сәуір айының алғашқы онкүндігі жауын-шашынды болмақ
Келесі пост
Су тасқыны салдарынан, 4 адам суға кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu