Air India ұшағы апатқа ұшырады: 133 адам қаза тапты

78

Air India әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, кемінде 133 адам көз жұмды. Бұл туралы жергілікті телеарналар хабарлады.

Ұшақ бортында барлығы 242 жолаушы болған. Әуе компаниясының мәліметінше, олардың 169-ы — Үндістан, 53-і — Ұлыбритания, 1-еуі — Канада, 7-еуі — Португалия азаматтары. Қазақстан азаматтары әуе кемесінде болмаған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ұшақ дәрігерлерге арналған жатақхананың төбесіне құлаған. Қазіргі уақытта апат орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр — мамандар қирандыларды ашып, тірі қалғандарды іздеуде.

Оқиғаға байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Алдыңғы пост
253,4 млрд теңге: Көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға мемлекеттік жәрдемақы төленді
Келесі пост
Мемлекет басшысы «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu