Оралда кәсіпкерді айуандықпен өлтіріп кеткен күдіктілер ұсталды

Теги:
206

Оралда кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірген күдіктілер арнайы операция кезінде ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіндегілер мәлімдеді. Аталған қылмыстық істі ведомства басшысы Марат Ахметжанов өз бақылауына алған.

«Күдіктілер арнайы операция кезінде ұсталды. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігімен қайта сараланды. Бұл бап бойынша 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған» делінген ІІМ мәліметінде.

Еске салсақ, қанды оқиға сенбі күні, 6 тамызда кешкі уақытта орын алған. Бизнесменнің мәйіті стадион автотұрағынан табылды. Әлеуметтік желілерде кәсіпкердің қалай өлген сәтінің видеосы тарады. Онда марқұм Еркін Мұханғалиев дәмханада екі күдіктімен сөйлесіп отырғады. Кенеттен жанжал болып, жігіттердің бірі оның мойнына пышақ сұғып алады. Ауыр жарақат алған кәсіпкер терезеден шығып, қашпақ болады. Бірақ күдіктілер оны артынан қуып, көшенің қақ ортасында бірнеше рет пышақтайды. Кәсіпкер оқиға орнында көз жұмды.

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, кісі өліміне жалақының төленбеуіне байланысты тұрмыстық жанжал себеп болған көрінеді. Департаменттегілер күдіктілердің уахабизм немесе басқа деструктивті діни ағымды ұстанатыны, сондай-ақ радикалды идеяларды таратқаны туралы ақпарат жоқ екенін айтты.

Алдыңғы пост
Шымкентте ішімдік ішіп, ұйықтап қалған әйел баласымен бірге уланып қала жаздады
Келесі пост
Шымкенттік әйел су жаңа көлік әперемін деп танысын алдап соқты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu