Айбек Смадияров: “Сырттан гуманитарлық көмекті қажет етпейміз”

284

Әзірге сырттан гуманитарлық көмек керек емес. Материалдық әлеуетімізді қолданып жатырмыз деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

«Елімізде оперативті штаб құрылды. Премьер-министрдің барлық орынбасары тиісті өңірлерге шықты. Олар өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Материалдық резервтің әлеуетін қолданып жатырмыз. “Қазақстан халқына” қоры мен халық та көмектесуде. Үкімет осы бағытта толыққанды жұмыс жүргізіп жатыр», – деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, су тасқыны орын алып, тұрғындарды эвакуациялау барысында көпшілік киім-кешек, керекті заттарын алып үлгермеген болатын. Сондықтан, оларға қажетті құрал-жабдықтар мен ашымайтын азық -түлік, көрпе төсек секілді заттарды халық өз есебінен жіберген. Сонымен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан сынды бауырлас елдерде гуманитарлық көмек жіберді.

Алдыңғы пост
Нүкенованы Бишімбаев қылқындырған ба?
Келесі пост
Мемлекет басшысы  Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu