Экология министрі Шымкент қаласының тұрғындарымен кездеседі

234

​11 қарашада сағат 15:30-дa ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешевтің Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесудің мекен жайы – Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бас корпусы, 340 аудитория).

Онлайн-трансляция ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің «Youtube», «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.

Министрмен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын пайдалана отырып жібере аласыз: WhatsApp нөміріне: 8-708-132-78-66 және электрондық мекенжайға: surak@ecogeo.gov.kz

Халықпен кездесуді өткізу барысында:
– коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесу;
– азаматтарды жеке қабылдау;
– БАҚ өкілдеріне арналған брифинг ұйымдастыру жоспарлануда.

Кездесуге жазылу үшін мына телефондар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-708-132-78 66, 8-701-587-1531, 8-708-943-3620.

Азаматтарды белсенді қатысуға шақырамыз, делінген таратылған баспасөз хабарламасында.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында есірткі сақтаған зейнеткер сотталды
Келесі пост
Қазақстанда алғаш рет Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтілуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu