Қостанай облысындағы орман өрттерінен зардап шеккендерге пәтер кілттері табысталды

444

Бүгін Қостанай облысындағңы Әулиекөлде орман өртінен зардап шеккен тұрғындарға жаңа үйлердің кілттерін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Elitar.kz.

“Бір жарым ай бұрын болған өрт біздің аймақ үшін үлкен сынақ және беріктігін тексеру болды. Қорқынышты өрт орман алқабы мен 91 үйді қиратты. Біздің басты міндетіміз инфрақұрылымды қалпына келтіру және адамдарды әдеттегі өмірге қайтару болды”, – деді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов салтанатты тапсыру рәсімі барысында сөйлеген сөзінде.

Жұмыс тәулік бойы жүргізілді. Жаңа үйлерді 12 мердігерлік ұйымның күшімен бір жарым айдың ішінде салған.

“Қысқа мерзімде “бірлік”символдық атауымен бірыңғай архитектуралық стильде сапалы 91 үй салынды. Әр үйдің жалпы ауданы 100 шаршы метр болатын 4 бөлмелі үйлер мен 10 соток учаскесі бар”, – деп толықтырды А.Мұхамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, өрт 2 қыркүйекте сағат 15:10-да Әулиекөл ауданының Басаман және Семиозер орман шаруашылығы басқармаларының аумақтарында басталды. Өрт шыққан сәттен бастап жалпы ауданы – 43 мың га. Елді мекендердегі 91 тұрғын үй өрттен жойылып, зақымданды.

Орман отынан зардап шеккендердің үйлерінің құрылысы өртті жою туралы жарияланғаннан кейін бірден басталды. Ал зардап шеккендердің өздеріне жаңа тұрғын үй алуды күту кезеңінде миллион теңге көлемінде өтемақы төленді.

Алдыңғы пост
​Астана мешіттерінде ұрлық жасауды әдетке айналдырған жігіт ұсталды
Келесі пост
Өзбекстандағы әскери қоймадағы жарылыстан 16 адам зардап шекті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu